Лауазымдық міндеттері:
классикалық, халық музыкаларынан, шетелдік және отандық композиторлардың шығармаларынан бағдарламалар дайындайды;
тұрақты орындарда, гастрольдерде және сапарлардағы концерттерде музыкалық шығармаларды орындайды;
вокалдық және орындау шеберлігін жетілдіре отырып, өз бетінше және (немесе) концермейстермен бірге жаттығады;
репертуарға ұсынылатын жаңа шығармаларды және шығармашылық қызметтің мәселелерін талқылауға қатысады.