Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− кітаптардың, мерзімді басылымдардың және басқа баспа, аудиовизуалдық немесе сандық материалдардың жүйеге келтірілген жинақтарын ұйымдастыру, толықтыру және қызмет көрсету;
− кітаптарды және басқа баспа немесе аудиовизуалдық және сандық материалдарды таңдау және сатып алу жөнінде ұсынымдар;
− кітапхана материалдарын ұйымдастыру, жіктеу және каталогтарға енгізу;
− кітапхана аралық абонементпен және ақпараттық желімен уақытша пайдалануға кітапхана қорларын беру жүйесіне жетекшілік ету;
− материалдарды қалпына келтіру және коммерциялық және басқа пайдаланушыларды жеке қорлардан немесе кітапханалық және ақпараттық желілерден алынған ақпаратпен
қамтамасыз ету;
− пайдаланушылардың өзгеріп отыратын сұраныстарына сәйкес кітапханалық және ақпараттық қызметтерге зерттеулер жүргізу, талдау және өзгерту;
− ақпаратты сақтау, ұйымдастыру, жіктеу және іздеу жүйелерін және модельдерін әзірлеу және іске асыру;
− ғылыми құжаттаманы және есептерді дайындау;
− бұқаралық ақпарат құралдарында қолмен, онлайн және интерактивті іздеуді жүргізу, кітапханааралық абонемент қызметтерін ұсыну және пайдаланушыларға кітапхана
материалдарына қол жеткізуге жәрдемдесудің басқа да функцияларын орындау.