Балалар музыка мектебінің оқытушысы, эстрадалық ән салу әртісі - музыкалық аспапта орындаушылықпен, түрлі білім беру мекемелерінде музыкалық білім берумен айналысатын, сондай-ақ шығармашылық музыка ұжымына жетекшілік ете алатын маман.
Осы маманның міндеттеріне мыналар кіруі мүмкін:
Бұл маман артіс ретінде де, оқытушы және эстрадалық ұжымның жетекшісі ретінде де жұмыс істей алады, олар өз кезегінде өнер мектептерінде, балалар шығармашылық үйлерінде, мәдениет үйлері мен сарайларында, демалыс орталықтарында, білім беру мекемелерінде, түрлі ұйымдардың кәсіби және көркемөнер ұжымдарында ұйымдастырылуы мүмкін.
Орташа жалақы 60-100 мың теңге аралығында, сондай-ақ еңбек өтіліне, жұмыс орны мен аймағына да байланысты.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің бастауыш музыкалық білімі болуы керек.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.
Балалар музыка мектебінің оқытушысы, эстрадалық ән салу әртісінің бойында шығармашылық ойлау, көркемдік қиял мен жақсы орындаушылық дағдысы болуы тиіс.
Жас маман мамандық бейіні бойынша әдістемелік және зерттеу қызметін өз бетінше жүзеге асыруда тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Бұл мамандық еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие болуға, кәсіби байқауларға үнемі қатысуға мүмкіндік береді, орындалатын репертуардың көлемін кеңейту, аудиожазбаларды тыңдау, бейнежазбаларды көру, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға ұмтылу арқылы түрлі орындаушылық интерпретациялармен танысып отыру да маңызды.